Мемлекет импорттық тауарды неғұрлым азайтса соғүрлым тәуелсіз болады. Алайда бүгінде нан мен сүт, энергияны өзімізде өндіріп, мал өсіріп отырсақ та, ет пен шұжықты сырттан тасуға мәжбүрміз. Осылай деген Елбасы, кезекті Жолдауында Экспортқа бағытталған индустрияландыру мәселесі экономикалық саясаттың негізгі элементі болуы тиіс деп көрсетті.Алматы облысы биыл қызылша өсіруден рекорд жаңартпақ. 399 мың тонна қызылша жинап, одан 40 мың тонна қант өндіруді көздеп отыр. Осы бір жетістікті елбасы Н.Назарбаев жолдауда мысал ретінде айтты. Үкіметке тауар өдірушілерді барынша қоолдауды тапсырды. Айта кету керек, өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдауда алдағы 3 жылда қосымша 500 миллиард теңге бөлінеді. Ал кәсіпкерлерге қолжетімді несие беру үшін Ұлттық банкке кемінде 600 миллиард теңге бөлуді міндеттеді.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз