Еліміздегі құқықорғау саласын үлкен өзгерістер күтіп тұр. Ең бірінші қызметкерлердің барлығы жаппай аттестациялаудан өтеді. Полицейлердің жалақысы да өседі. Бұл туралы Елбасы халыққа арнаған 25-ші жолдауында айтты. Ақордада Стратегиялық құжатты таныстырған Нұрсұлтан Назарбаев бұдан бөлек сот жүйесін жаңарту қажет екенін атады. Өйткені, халық әлі күнге дейін Президентке хат жазып, өз мәселелерін шешуді сұрайды екен. Сонымен қатар Елбасы үкіметке ең төменгі жалақыны 1,5 есеге өсіруді тапсырды. Ал осы тапсырмаларды орындау үшін шенеуніктерге жиналыстарды азайтып нақты іспен айналысу керектігін ескертті.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз