Балқаш жұртының «Батыр ағасы» бақилық болды. «Құрмет», және «Бірлік-Алтын» орденінің иегері — Бейсетай Дәуренбеков 80 жастан асқанда дүниеден озды. ВИДЕО: Халқы сүйіп қадірлеп, тірісінде-ақ бейбіт күннің батыры атанған есіл ер кім еді? Ол — Балқаш ауданы, Ақкөл ауылының тумасы. 1972 жылы Ақжар ауылында көлік жүргізуші болып жүріп, 18 желтоқсанда ағысты суға түсіп, көзсіз ерлік жасаған тұлға! Қақаған аязда иірімді Ілеге батқан 12 баланы құтқарып, аман алып қалған адам. Мұндай ерлікті әлемнің ешбір елінде шыныққан сүңгуірлер де қайталай алған жоқ. Бұл батырлық емей не! Бірақ кісі көңіліне қылау түсірмейтін, жаны жайсаң, мейірімді жан, мұнысын ерлік деп елеген жоқ. Еңбегін жалғастырып, бала-шаға өсіріп, неме ре-шөбере сүйіп, ел қатарлы күн кешті. Халқына абыройлы, азаматтығына кір түсірместен, жас буынға кісілік пен кішіліктің кермет үлгісін көрсетіп кетті. Өнегелі ісімен елім деп өткен ерді артындағы елі ұмытпайды.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз