Қазақ әдебиетінде орны толмас қаза.  Халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза дүниеден озды. Ел жұрты «Шер-аға» деп білетін Шерхан Мұртаза қыркүйек айының 28інші жұлдызында 86 жасқа толған еді. Ол 1932 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. 1955 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Лениншіл жас» пен «Социалистік Қазақстан» газетінің тілшісі болып қызмет етіп, әр жылдарда бас редакторлық қызметтерді атқарды. «Жазушы» баспасы мен «Жалын» альманахын, «Жұлдыз» журналын басқарды. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болды. Жазушының әр жылдары жазылған «Табылған теңіз», «Белгісіз солдаттың баласы», «Ахметжанның анты», «Мылтықсыз майдан» повестері, «41-жылғы келіншек», «Интернат наны» әңгімелері, бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе», «Ай мен Айша» романдары қазақ прозасына қосқан өшпес туынды болып қалары сөзсіз

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз