Талдықорғанда отандық су жаңа «Қаржыгер. шығу ойыны» фильмінің көрсетілімі өтті. Бұл Қазақстандағы қаржы саласы мен қор нарығының қым-қуыт тіршілігі суреттелген алғашқы кинокартина.  Туындыдағы негізгі көрінстер Алматы қаласы мен Алматы облысында түсірілген. Фильмде Руслан мен Тайыр есімді жас жігіттердің бай болу жолындағы түрлі қиындықтары көрініс тапқан. Кейіпкерлердің бірі өз ісінің білгірі. Ақшадан ақша жасаудың жолдарын жетік меңгерген. Биржа әлемінің қыр-сырына қанық ол досын да осы іске тартады. Ақша жүрген жерде адалдықтың ауылы алыс қалатыны, достық пен махаббаттың нағыз сыналатыны белгілі. Кинода осы мәселелер көтеріліп, өмірдің шындығы ашық көрсетіледі. Кинотуындының режиссері — Елена Лисасина, продюсері — Анар Жүнісова. Шығармашылық топ жетісулық журналистермен жүздесіп, түсірілім кезіндегі қызықтар мен қиындықтарды айтып берді. Жалпы, оқиға желісі шынайы өмірден алынған. Фильм сценарийін Дмитрий Богомолов жазған. Жобаның бас продюсері — Ерболат Байғанин. Ал басты рөлді Шыңғыс Қапин мен Асылхан Төлепов сомдайды. Тарихи кинолар арқылы танылған актер Асылхан үшін «Қаржыгер» болу оңайға түспеген. Фильм орыс тілінде түсірілгендіктен біраз тіл сындыруға тура келіпті. Тіпті Қапшағайда таспаланған бір көріністе суға батып кете жаздаған.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз