«Әдеби білгір». Осындау атаумен Тіл сарайында оқушылар арасында облыстық байқау өтті. Оған өңіріміздің 17 ауданы мен 3 қаласынан барлығы 35 үміткер қатысып, өзара сынға түсті. Облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйытқы болған сайыс 2 кезеңнен тұрды. Онда оқушылар тест сұрақтарына жауап берді. Ал, сауалдарға жетісулық ақын-жазушылардың шығармалары арқау етілген. Бұл сыннан сүрінбей өткендер екінші кезеңде білім бәсекесіне түсті. Жалпы, байқау — ұлттық рухты күшейтіп, әдеби құндылықтарды жастар бойына сіңіруге бағытталған. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуді көздейді. Осы орайда, өзгелерден білімімен дараланған Талдықорғандағы №22 мектептің оқушысы Әділ Құттыбаев жеңімпаз атанды. Жүлдегерлерге тіл басқармасы тарапынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз