Еуропаның қоршаған ортаны қорғау комитеті 2021 жылы пайдалануға тыйым салынатын заттарды шектеу туралы шешім қабылдады. Көбінесе қоғамдық орындарда жиі қолданылатын пластик ыдыс-аяқтардан толықтай бас тартпақ. Бір реттік пакеттер мен целлофандар да қолданылмайды. ЕуроОдақ Комиссиясының қаржылық істер жөніндегі комиссары Гюнтер Эттингер пластик қалдықтары үшін белгілі бір мөлшерде салық енгізуді ұсынды. Өйткені, әлем бойынша теңіздегі қоқыстың 85 пайызы пластик өнімдер қалдығы екен.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз