Талдықорғанға құстың төресі, сұлулықтың символы саналатын аққу келіп қонды.Ақ қармен бірге жеткен киелі құс Қаратал өзені маңындағы бассейнде мамырлай жүзген. Қала тарихында тұңғыш рет орын алған әдемі көріністі әріптесіміз таспалап үлгеріпті. Өңір ақсақалдарының айтуынша, Жетісу жеріне аққудың келуі бұрын соңды болмаған. Пәктіктің, адалдықтың белгісі болған сұңғақ сұлудың сапарын үлкендер жақсылыққа балайды. Ол тек таза жерге ғана қонады. Айта кетсек, жағалау жақында ғана күрделі жөндеуден өтіп, ондағы қалалық бассейн тазартылған болатын. Абаттандырылып бүгінде тұрғындардың жиі баратын демалыс орынына айналып отыр.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз