Керчь политехникалық колледжіндегі жарылыс пен атыс салдарынан 11 жасөспірім құрбан болған. Барлығы 19 адам мерт болыпты. Қазіргі сәтті қайтыс болғандардың барлығының мәйіті анықталып, тағы 50-ге тарта зардап шеккендер ауруханаға жатқызылған. Айта кету керек, ондаған отбасыға қасірет әкелген оқиға, былай болыпты. Сәрсенбі күні таңертең колледж асханасында қолдан жасалған жарылғыш жарылып, артынан атыс басталады. Бейнебақылау камерасының жазбасының көмегімен тергеушілер оқу орнына қарумен кірген адамды анықтады. Күдікті 18 жастағы колледж студенті Владислав Росляков болып шықты. Ол атыстан соң өзін атып, жан тапсырған. Қазір бұл қылмыстың ақ-қарасы қаралып жатыр. Бүгіннен бастап Қырымда үш күн аза тұту күні жарияланды.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз