Астанадағы Ұлттық музейде дәулескер күйші Құрманғазы Сағырбайұлының екі жүз жылдығына арналған концерт өтті. «Басты мақсат — күй атасының баға жетпес мұрасын насихаттау» — дейді, ұйымдастырушылар. Оюлы киім киіп, қолдарындағы қара домбыраны күмбірлетіп ойнап отырған — мектеп оқушылары. Мұнда Астана қаласындағы төрт мектептің өнерпаздары жиналған. Лекция концертте Құрманғазының атақты күйлері орындалып, олардың шығу тарихы туралы мағлұмат берілді. Бұндай шаралар алдағы уақытта Талдықорған, Атырау мен Алматы қалаларында ұйымдастырылатын болады. Биыл мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы бойынша 1 шілде «Ұлттық домбыра» күні болып бекітілгені белгілі. Осы орайда, Құрманғазы, Тәттімбет, Дина сынды бабалардан мирас боп қалған күй өнерін жандандыруда бұл күннің алар орны ерекше,- дейді күйшілер.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз