Қазақ руханияты орны толмас қазаға ұшырады. Бүгін «Жар-жар», «Желтоқсан желі» сынды елге танымал әндердің сөзін жазған халықтың аяулы ақыны Әбдірахман Асылбеков 80 жасында өмірден өтті. Артына мол мұра қалдырған ақын — 1938 жылы 1ші мамырда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. Қазақ педагогика институтын тәмамдағаннан кейін, еңбек жолын мектепте мұғалім болып бастаған. Одан кейін «Жазушы», «Жалын» секілді республикалық басылымдарда және радиода ұзақ жылдар қызмет етті. “Бейбітшілік бақшасы”, “Жауды аяған жаралы”, «Алатау аясында», «Әлемге үні тараған», «Ақ моншақты аруым» секілді 30-дан астам жыр кітабының авторы. Өмірінің соңғы жылдары жазған «Қасиетті Құран — мәңгілік мұраң» деген кітабын биыл жарыққа шығарып үлгерді. Лирика, ән мәтіндерін жазып, сатира және аударма жанрларымен де айналысқан. Әбдірахман Асылбековтің сөзіне жазылған көп ән қазақ эстрадасы жұлдыздарының репертуарында орындалып жүр.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз