Құлансаз ансамблі өз жұмысын бастады. 9-шы концерттік маусымның ашылуы көрнекті сазгер, Қазақстанның халық әртісі Әсет Бейсеуовтың 80 жылдық мерейтойына арналып отыр.  Өйткені, Әсет Көпбайұлы 1979шы жылы осы ұжымының құрылуына ұйытқы болған тұлға. Содан бері ансамбль алыс-жақын шетелдерді аралап, өнер көрсетіп келеді. Ұжым 2011 ші жылы жас буынмен толықты. Құлансаз ансамблінің биылғы маусым ашар бағдарламасы 1 сағат 20 минтуқа созылды. Концерт барысында ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен халық әндері шырқалып, күйлер тартылды. Сонымен қатар жаңа заман үлгісінде жазылған шығармаларда көрермендердің назарына ұсынылды. Ансамбль жыл аяғына дейін өңірдің аудан қалаларын аралап, 10ға жуық концерт беруді жоспарлап отыр.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз