Қазақстанда тікелей инвестициялар қоры құрылмақ. Үкімет Елбасы Жолдауындағы осы тапсырманы жан-жақты талқылады. ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің ақпарынша, бұл арнайы қор анағұрлым перспективалы жобалар мен сұранысқа ие нысаналы инвестициялық жобаларды жүзеге асырумен айналыспақ. Бұған қоса әлеуетті инвесторлар үшін толыққанды ақпаратпен қамтылған инвестициялық портал жұмысын жолға қою жайы да пысықталды. Ал, инвестицияның өзіне келсек, 2005 жылдан бастап, елімізге 264 млрд доллар шетелдік қаражат құйылыпты. Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында тағы -12 млрд доллар түскен. Ел игілігі үшін жеке қаражат тарту ісінде — мемлекеттік- жекеменшік әріптестіктің де ролі зор. Мәселен, ағымдағы жылдың 10 айында республика бойынша 845 млрд теңгеге 192 шарт жасалған. Игілігін халық көрмек. «Көрсеткіш көрнекі. Бірақ, үлес әрқилы», -деді Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев. Осыған орай, селекторлық кеңесте бірқатар аймақ әкімдерін тыңдады. Инвестиция тарту ісінде қарекет етіп, бюджетке қол жайып, қарап отырмауға шақырды.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз