Жетісу өңірнен шыққан «Рухани керуен» киелі Әулиеата жерінде болып қайтты. Екі күндік сапарында жетісулық делегация Жамбылдық жамағатпен жүздесіп, төл тарихымыз, мəдениетіміз жайлы ой қозғады. Жас буынмен кездесіп дəстүр дінімізді дəріптеді. Әулиете жеріне келген жетісулықтарды алдымен қордайлық ағайын күтіп алды. Қос облыс шекарасындағы елді мекен қонақжайлығын танытып меймандарды төріне шығарды. Ауылдың алты ауызы əн жырын арнап, керуен тобына құрмет көрсетті.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз