Жетісу жерін күйге бөлеген Республикалық «Шертпе күй» фестивалі аяқталды. Дүбірлі додада еліміздің түкпір-түкпірінен келген 30-дан астам үміткер қатысып, өз өнерлерін паш етті. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен әрі Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен өтті. Фестивал аясында Тәттімбет Қазанқапұлы атындағы «Қырық буын қосбасар» атты арнайы күй сайысы ұйымдастырылды. Екі күнге созылған сайыстың алғашқы күні қатысушылар 4 күй орындап, арасынан 12сі финалдық кезеңге жолдама алды. Шешуші сында Астана қаласының өнерпазы Ақжусан Иманғазықызы шеберлігімен тәнті етіп, бас жүлдені жеңіп алды. Арнайы дипломен және 1 миллион теңгелік ақшалай сертификатпен марапатталды. Сонымен қатар, фестивальға қатысқан барлық күйшілерге де қаржылай сыйақы табыс етілді.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз