Талдықорғандықтар Түркімен ұлттық жастар театрының қойылымын тамашалады. Хандурды Бердыевтың режиссерлігімен қойылған «Көроғлы және Агаюнус» атты эпостық дастаны сахналанды. Онда әлсіздерге қорған, еліне қалқан болған түркіменнің теке руынан шыққан Кероғлы батырдың ерлігі баяндалды. Сондай-ақ, батырдың Агаюнус ханшайымы арасындағы махаббат хикаясы шебер суреттелді.
Айта кетейік, фестиваль аясында Бикен Римова атындағы өнер ордасында 20-дан астам қойылым сахналанады. Аталмыш байқау бауырлас елдердің мәдениеті мен өнер өрісін кеңейтуде ерекше рөл атқармақ. Өнер ұжымдарының кәсіби шеберлігін танымал театр тарландары бағалайтын болады. Бірнеше күн көрермендер түрлі тақырыпты қамтитын туындыларды тамашалай алады.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз