Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет латын әліпбиіне негізделген газет шығарыла бастады. Республикалық ақпараттық-танымдық басылым — «Тіл-Қазына» деп аталады. Айына екі рет шығарылатын жаңа газетті көпшілікке еліміздің мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы көпшілікке таныстырды. Басылым «Кие, Емле, Сарап, Сөз өнері, Таным» сияқты арнайы айдарларға бөлініп, танымдық материалдар оқырман қауым назарына ұсынылған. Газеттің тұсаукесеріне зиялы қауым өкілдері көптеп жиналды. Ғалымдар баяндама жасап, өткен ғасырда латын әліпбиінде жарық көрген басылымдар тарихын шолып шықты. Төл жазуымызға көшу тарихымыздан ажырамау деп түсінген қоғам қайраткерлері батасын беріп, жүрекжарды тілегін арнады.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз