Көксу ауданы қолға алған «Бабалар рухына тағзым» атты акция жалғасын тапты. Бұл жолы аға буын өкілдері Іле өзені бойында, Көкбастау бөктерінде Қаблиса жырау мәңгілік дамыл тапқан мекенге атбасын тіреді. Баба кесенесіне бассұғып, рухына құран бағыштатты. Естеріңізге сала кетейік, көксулық ақсақалдар кеңесі мен аудан әкімдігі бірлесіп қолға алған бұл шара былтыр бастау алған болатын. Аясында қариялар киелі әрі тарихи жерлерді аралап жүр.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз