Атыңызда үй тіркелген. Бірақ баспана алу қажет. Не істейсіз? Мемлекеттік бағдарламамен болмайды. Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі арқылы алуға өзіндік талаптар қарастырылған. Ал сізде 3 млн-ның айналасында жиған қорыңыз бен 150 мың теңгедей жалақыңыз бар. Ең бастысы — жабылмаған ипотекалық несиеңіз жоқ. Онда ойланбаңыз. «Баспана хитпен» баспана алыңыз. Елде енді енгізілген жаңа ипотекалық бағдарлама, оңтайлы. Алдымен Сіз қолданыста болған немесе жаңа үй таңдайсыз. Сонан соң 2ші деңгейлі банктерге барасыз,- дейді Ұлттық Банктің өңірлік өкілдері. Айтуларынша, нарықтық жоба, мемлекеттік 7-20-25 бағдарламасына ұқсас. Айтпақшы, бұл жоба бойынша облыста 910 млн теңгеге 79 өтінім беріліпті. Соның 59-ы мақұлданған. 7-20-25-ке қатысам деушілер бастапқы үй ғана ала алады. Мұндай үйлер қазір Қаскелең қаласында, Талғар ауданы мен Өтеген батыр кентінде бар. Олай болса тап қазір 7-20-25-пен де. Баспана-хитпен де баспаналы болудың мүмкіндігі мол.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз