Жерлесіміз Мерей Сүйінов Астанада шинкиокушин каратэден өткен әлем біріншілігінде күміс жүлдегер атанды. Осылайша, ел мерейін үстем еткен Мерейді жанкүйерлері Талдықорған әуежайынан құшақ жая қарсы алды. Барынша құрмет көрсетті. Ол дүниежүзілік додада 90 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Бұл салмақта жерлесімізбен қатар әлемінің 16 елінен іріктеліп келген 20ға жуық спортшысы қатысты. Мерей финалға дейінгі сайыста қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен ұтты. Алайда, шешуші жекпе-жекке шыға алмаған. Өйткені жартылай финалдық кезесуінде алған жарақаты сыр берген екен. Әйтсе де, Мерей Сүйінов бұл нәтижеге көңілі толатындағын жеткізді.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз