Елімізде аналогты телевизия желісі өшіріліп, барлық арналар цифрлық жүйеге өтеді. Қазір сандық эфирге көшу кезеңі басталды. Өңірімізде баламалы хабар тарту келесі жылдың жазында толықтай өшіріледі. Бүгінгі күні цифрлық сигналды қабылдайтын 87 радиотелевизиялық станция салынып, іске қосылды. Бұл облыс аумағының 90 пайызын қамтиды. Көптеген елді мекендер қазірдің өзінде оған қосылуға мүмкіндік алды. Ол үшін тек арнайы цифрлық қабылдағыш болса болғаны. Құны қызмет көрсету пакетіне қарай, 3,5 мыңнан 5 мың теңге аралығында. Оны орнатқан соң, ешқандай абонеттік төлем алынбайды. Ал аз қамтылған отбасыларға қондырғылар мемлекет есебінен орнатылмақ.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз