Қараталдық қайырымды жандар бірінші топтағы мүгедек азаматқа үй алып берді. Қол аяғы жоқ Үштөбе қаласының тұрғыны Болат Әбілдинов осылайша үш бөлмелі жеке тұрғын үйдің иесі атанды. Оның баспаналы болуына аудандағы әр салада еңбек ететін қызмткерлер қол ұшын созған. Орталық мешіт имамдары ашқан арнайы шотқа ақша аударған. Кемтар жан үйлі болғаннын кейін де дін өкілдері қарайласуын тоқтатқан жоқ. Құрылыс материалдары мен зекет қорына түскен азық-түліктерді апарып берді.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз