Талдықорғанда «Допинг» жедел-іздестіру шарасы барысында есірткі сатумен айналысқан күдікті қолға түсті. Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаменті хабарлады. Арнайы операция кезінде 47 жастағы тұрғынның үйінен 125 грамм шамасында есірткі заты табылған. Ол «Кептірілген марихуананы» сату мақсатында дайындаған екен. Сонымен қатар, бір күнде тәртіп сақшылары есірткі заттарын заңсыз сақтаудың бірнеше дерегін анықтаған. Тағы Қаратал ауданының 50 жастағы тұрғынынан 2 келі 700 грамм болатын есірткі табылған. Қазіргі таңда, күдіктілерге қатысты тергеу амалдары жүрізіліп жатыр.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз