Елбасының кеше жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы — өлкеміздегі зерттелмеген көптеген елді-мекеннің тарихын жаңғыртуға таптырмас мүмкіндік. Сондықтан, дер кезінде қарекет ету керек, — дейді «Жетісу» газетінің тілшісі — Қажет Аңдас. Мәселен, былтыр Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында, еліміздегі киелі мекендерді анықтау жұмысы бастау алған еді. Соның арқасында Қазақстан ғылыми зерттеу орталығының өкілдері республикамыздағы тарихи өлкелерді анықтап, 2 томдық кітап шығарды. Оған облысымыздан 41 нысан енді. Бұл жинаққа енгізілмеген тарихи орындар әлі де көп — дейді, ол.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз