Төл тарихын білетін, бағалайтын, мақтан ететін халықтың болашағы зор болады. Өткенін мақтан тұ­тып, бүгінін нақты бағалай білу және бо­лашаққа оң көзқарас таныту — елі­міз­дің табысты болуының кепілі. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев күні кеше ғана өзінің кезекті мақаласында осылай деген болатын. Президент тарихқа негізделген құжатты жариялап қана қоймай, келешекке негіз беретін бірнеше нақты тапсырмаларды көрсетті. Ұлы даланың жеті қырына тоқталып, 6 жоба ұсынды. Елдің мәдени және рухани дамуына бастаған бұл бастамаларды Жетісулық тарихшылар да қуаттап отыр. Мақалада көрсетілген жеті бағытта жұмыс атқарсақ, мәңгілік ел болу бағытындағы межені еңсереміз. Ұрпақ санасын жаңғыртып, келешекке айқын бағдар жасайтын боламыз, — дейді тарихшылар.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз