12 — 23 қараша арасында «Қадағалау» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтті.Соның аясында Қарасай аудандық пробация бөлімі шартты түрде бас бостандығынан айрылған азаматтарды мекен-жайы бойынша анықтап, тексеру жұмыстарын жүргізді. Анықталғанындай, өңірде шартты түрде жазасын өтеп жатқан 430-дай азамат бар. Бұл реткі шараның басты мақсаты олар сотта бекітілген міндеттемелерін толық орындап жүр ме? Әлде әкімшілік және өзге де заң бұзушылықтар жасап жатқан жоқ па? Осыны анықтау. Егер шартты түрде сотталғандар қоғамға оңтайлы бейімделіп жатса, кесілген жазасы жеңілдейді. Ал қайта қылмысқа барса, абақтыға қамалуы мүмкін. Бүгінде аудандағы пробация бөлімнің инспекторлары күн-түн демей елдімекендерді аралап, барлық азаматтың үйіне бас сұққан. Оның ішінде сотта бекітілген қағидаға қайшылық жасаған 20 шақты жазасын өтеуші анықталды. Енді олардың ісі қайта қаралып, жазасы ауырлауы мүмкін.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз