«Нұр Отан» партиясы қатары жетісулық 11 азаматпен толықты. Арасында кәсіпкерлер, әйелдер кеңесінің мүшелері мен мемлекеттік қызметке енді келген мамандар да бар. Барлығына партиялық билеттер салтанатты түрде табыс етілді. Сонымен қатар, саяси ұйым жұмысына белсенді араласып, сүбелі үлес қосқан нұротандықтар алғыс хатпен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Бұл күні «Инглиш фо жастар» жобасын іске асыруға атсалысқан еріктілер тобы да назардан тыс қалмады. Әрі партияның 20 жылдығына орай ұйымдастырылған түрлі байқаулардың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарға құрмет көрсетілді. Айта кетейік, бұл мерекелік шара Тұңғыш Президент күніне орайластырылып отыр. Сондықтан, салтанатты жиында Ұлт көшбасшысының ерен еңбегі сөз етіліп, еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері паш етілді.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз