Өзім білдім орға жығады. Талдықорған қалалық сәулет және құрылыс бөлімі қызметкерін заңсыз жұмыстан босатқаны үшін облыс орталығында 5 бірдей мемлекеттік қызметкер әдептік жауапкершілікке тартылды. Олар қала әкімі, 3 бөлім мен 1 басқарма басшысы. Негізі мәселе мынадан туындайды. Жұмыстан кеткен Бағлан Қиялбаев еңбек мерзімінде жер телімдерін заңсыз үлестірген деп күдіктеледі. Мұны білген прокуратура қала әкіміне нұсқау береді. Алайда әкімдікте ешкім бұл жағдайға мән бермейді. Керісінше облыс орталығының шенеуніктері жауапкершіліктен тайқыған заң бұзушыны кетіруге күш салады. Яғни оған өз еркімен жұмыстан босату жөнінде өтініш жаздырып, қол қояды. Қолайсыз жағдайдың ақ-қарасын анықтау мақсатында Әдеп кеңесі келелі кеңес өткізген. Көптің шешімімен енді бұрынғы әкімдік қызметкері қудалауға түспейді. Әкімшілік кедергілер жасалмайды. Ал бұл іске немқұрайлы қараған қала әкіміне ескерту жасалды. Ұйымдастыру және мемлекеттік-құқықтық бөлім басшыларына сөгіс берілді. Ең қатал шешім қала әкімі аппаратының басшысына шығарылды.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз