Жыл басынан бері облыс қазынасынан бөлінген 38 млрд теңгеден аса қаражат мақсатсыз жұмсалған. Сондай ақ, бітқатар кемшіліктер мен заң бұзушылықтарға жол берілген. Мемлекет қаржысының тиімді игерілуін қадағалаған облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлері осылай деп отыр. Баспасөз өкілдерімен кездесуде сала басшысы осы уақытқа дейін атқарған жұмыстармен таныстырып, саланың кемшіл тұсын да саралады. Жұмыс тобы бастамасымен жыл басынан бері облыс аумағында 260-тан аса аудиторлық іс-шара ұйымдастырылыпты. Жиында мамандар мемлекеттік сатып алу ережелерін де тоқталды. Оның ұйымдастырылуы, жүргізілу барысын айтып өтті. Жоғары да айтылған кемшіліктердің дені осы бағытта анықталған. Сондықтан мамандар байқаудағы бармақ басты, көз қысты әрекеттердің алдын алу қажеттігін жеткізді.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз