Балалардың алаңсыз білім алуы үшін ақшасын аямаған жанға «ауданның құрметті азаматы» атағы берілді. Ақсу ауданның тумасы, белгілі меценат Молдияр Нұрбаев атақты Мамания орта мектебін жөндеуден өткізуге демеушілік жасаған. Нақтырақ айтсақ, білім шаңырағының терезерлерін ауыстырып, жылу жүйесін жаңалатқан. Бірнеше оқу кабинетін қайта жасақтап, компьютерлер сатып алып берген. Жаны жомарт азаматтың құрметіне Ақсу ауылындағы білім ұясында әсерлі, әдемі кеш өтті.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз