Өңірде бала өлімі азаймай тұр. Бір ғана Қаратал ауданында жыл басынан бері жеті нәресте бақилық болды. Оның төртеуі туа бітті кеміс болса, екеуі жетілмеген шақалақ. Ал, осыдан ай бұрын ғана дәл осы ауданда тағы бір қайғылы жағдай тіркелген болатын. Жиырма үш күн ғана өмір сүрген Арина есімді сәби қайтыс болды. Аталған оқиғаға байланысты аудандық ауруханада кешенді тексеру жұмыстары жүргізілген еді. Бүгін мамандар өңірлік коммуникация алаңында сараптама қорытындысымен таныстырып, оқиғаның мән жайын баяндады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, науқас жансақтау бөліміне өте ауыр жағдайда келіп түскен. Қажетті көмек көрсетілгенімен алайда, мамандар баланы аман алып қала алмапты.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз