Құтқарушылар кез келген жағдайға сақадай сай болуы тиіс. Ал, дер кезінде жүйелі атқарылған жұмыс материалдық шығынды азайтуға сеп болмақ. Ең бастысы — адам өмірін құтқарып, аман алып қалуға мүмкіндік береді. Осы мақсатта, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі мамандары өрт-тактикалық жаттығуын өткізді. Онда әр бөлімшенің жауынгерлік дайындығы пысықталды. Оқиға жоспары бойынша, кезекшілік бөлімге «Текелі энергокешені» қызыл жалынға оранды деген ақпарат келіп түседі. Дабыл негізінде көтерілген қалалық бөлімше құрамы өрт шыққан жерге тез арада жетті. Артынша жақын маңдағы Ескелді ауданынан және Талдықорғаннан қосымша күш көмекке келді. Құтқарушылар бірден іске кірісіп, тыныс алу аппаратымен ғимаратқа барлау жүргізді. Иіс тиіп, уланып, іште қалған адамдары эвакуациялады. Жалпы, жаттығу барысында өрт сөндіруге 30 шақты құтқарушы мен арнайы 5 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем дәрігерлері және энергокешен жұмысшылары да бірлесіп әрекет етті

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз