Келесі жылдан бастап барлық дәріханаларда СПИД ауруына тексеретін «Экспресс тест» сатылымға шығады. Сол арқылы әрбір адам инфекциялық жұқпаға тексеріле алады. Бұл жөнінде облыс дәрігерлері өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты. Жиында жұқпалы аурудың жұғу жолдары мен одан қалай сақтану керектігі түсіндірілді. Жалпы, өңірімізде бұл дертке шалдыққан 270 адам бар. Мамандардың айтуынша, науқастардың 70-80 пайызы ауруды жыныстық қатынас арқылы жұқтырған. Ал, 10-15 пайызына қанмен берілсе, қалғаны анадан балаға берілген. Абырой болғанда олардың арасында көз жұмғандар жоқ. Айта кетейік, Облыстық ЖИТС орталығының мамандары АИТВ жұқпасының алдын алу үшін іс-шаралар ұйымдастыруда. Яғни, шара аясында мектеп, колледждермен басқа да мекемелерде «Өз мәртебеңді біл» тақырыбымен ашық есік күні өткізіліп жатыр.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз