Алматы облысында «Екінші мүмкіндік»атты әлеуметтік жоба байқауы қорытындыланды. Іріктеуден іркілмей өткен қос жеңімпаздың үздік деп танылған жұмыстары бүгін көпшілік назарына ұсынылды. Өңірлік коммуникациялар қызмет алаңында байқау қатысушылары өз жобаларын таныстырып, мақсат міндеттерімен бөлісті. Алты ай бойғы сайыста жетісулық екі азамат 2 млн теңге грантты иеленді. Айта кетсек, «Екінші мүмкіндік» сайысы өңірде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Мақсаты жазасын өтеп шыққан азаматтарды оңалту. Сотты болғандарға қолдау көрсете отырып, өз кәсібін бастауға бағдар беру,- дейді ұйымдастырушылар. Сондай-ақ жоба аясында 25адам арнайы оқу курсынан өтіп, бизнес бастаудың қыр сырын үйренген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз