Кәсіпкер болсам дейтіндер көп. Бірақ көбісі сол кәсіпті неден және қалай бастарын білмейді. Осы мақсатта Облыстық кәсіпкерлер палатасы мен Жастар саясаты мәселелері басқармасы бірлесіп, тегін бизнес-тренинг өткізді.»Табысқа жетудің 7 қадамы» атты түсіндіру акциясына жас кәсіпкерлер, студентер мен жұмыссыз жастар қатысты. Онда оларға кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы мен «Даму» қоры фиалының менеджер-кеңесшілері бизнес негіздері жөнінде кеңес берді. Алдымен арнайы жоспар құрып, оны жүзе асырудың жолдары түсіндірілді. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу үшін не істеу керек? Салықтық құжаттамалар қалай толтырылады? Соның барлығын жіті түсіндірді. Әрі өз ісін бастаймын деген азаматтарға барынша қолдау көрсететілетінін айтты. Жалпы, облысымызда бүгінде 120 мыңнан астам жеке кәсіпкер тіркелген. Оның 10 мыңға жуығы 29 жасқа дейінгі жастар.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз