Талдықорған қаласының әкімдігі Желтоқсаншылардың басын қосып, Тәуелсіздік күні мерекесіне орай салтанатты шара ұйымдастырды.  Дастан Шалтабаев аймақтағы 19 азаматты қабылдап, әрбіріне «Құттықтау хатты» табыстады. Шара барысында желтоқсан оқиғасының куәгерлері сөз алып, 32 жыл бұрынғы оқиғаның мәніне тоқталды. Айтуларынша желтоқсан ызғары — қазақ жастарының намысын қайрап, адам құқығы, сөз бостандығын аяқасты етпеудің қамын жасаған, ең алдымен Тәуелсіздікке жол салған бастау болды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз