Облыстық ардагерлер ұйымы Тәуелсіздік күніне орай тағылымы мол кеш ұйымдастырды. «Тәуелсіздік -ұлттың рухы» атты басқосуға келгендер кітап көрмесімен танысып артынша концерт тамашалады. Мерекелік шарада Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжінің студенттері өнер көрсетіп жиылғандарға тамаша көңіл күй сыйлады. Оркестрдің сүйемелдеуімен әншілер ардагерлердің сүйіп тыңдайтын әндерін орындады. Ал кешке қонақ боп келген бүлдіршіндер өлең оқып, тәуелсіздік мейрамы жайлы тәтті тілектерін айтты. «Нұр отан» партиясының өкілдері де көпшілікті ең ұлық мерекемен құттықтады. Айта кетейік бұл кештің жақсы өтуіне І.Жансүгіровтің әдеби музейі ұжымы атсалысқан.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз