Биыл өңірімізде тазалық, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары қалай жүргізілді? Қорытындысы облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжановтың төрағалығымен өткен жиында анықталды. Жауапты тұлғалардың есебіне сүйенсек, жыл басынан бері облыста жүз мыңға жуық ағаш көшеті отырғызылған. Арық жүйелері мен автомобиль жолдарының жиектері тазаланып, 3 жабайы қоқыс алаңы жойылған. Жалпы алғанда өңірден 850 мың тоннаға жуық қатты — тұрмыстық қалдықтар шығарылыпты. Өркенді өлкемізде жасыл желекті көбейтіп, көріктендіруге биыл 800 млн теңгеден аса қаржы бөлінген. Бұл жұмыстарды онан әрі ілгерілетіп, жандандыру үшін келесі жылға 1 млрд 200 млн теңге қарастырылып отыр. Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары жауапты ведомстволар мен аудан басшыларына нақты міндеттер жүктеді.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз