Астанада Отандық өнімдерді және кәсіпкерлердің импорт алмасу бойынша бастамаларын насихаттауға арналған форум өтті. Іс-шара мемлекет басшысының кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде ұйымдастырылды. Онда Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру, жас кәсіпкерлерді қолдау, халық тұтынатын тауар өндіретін кәсіпорындардың ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, салаға заманауи технологияларды тарту, бизнес дағдыларын үйрету жайттары да күн тәртібінде қаралды. Әсіресе, жас стартап жобаларына арналған көрмеде жасыл экономикаға қызығушылық көп болды. Қарасай ауданынан келген «ЭкоФермер» серіктестігі экологиялық таза өнім алуға көмектесетін жаңа тыңайтқыштармен таныстырды. Ол экокешен, бау бақша, жылыжай шаруашылықтарында тиімді. Сондықтан, кәсіпкерлер мұнда өз тәжірибелерімен де бөлісті.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз