Талдықорғанда «Табысты көшбасшы» облыстық форумы өтті. Оған өңірдегі 17 аудан мен 2 қаланың мектеп және колледж директорлары қатысты. Бұл басқосу облыстық білім басқармасының ұйытқы болуымен биыл екінші рет ұйымдастырлып отыр. Жиынға еліміздегі үздік университет басшылары мен оқытушылары келіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Олардың айтуынша, мықты басшы болу үшін алдымен психолог болу қажет. Яғни, директор ұжымда, ата-аналар немесе оқушылар арасындағы кекілжіңді объективті шешуге ықпал етуі керек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумның білім мекеме басшыларына берері мол. Өйткені, олар үшін бұл жиын — тәжірибе алмасу алаңы, — дейді ұйымдастырушылар. Айта кетейік, қазір облыста 760 мектеп пен 74 колледж бар.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз