Жыл басынан бері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы 4 млн анықтама берген. Мемлекеттік қызметтің 56 пайызы электронды форматта көрсетілген екен. ВИДЕО: Сонымен қатар осы жылы 500 мыңнан аса адамға электронды қолтаңба берілді. Нәтижесінде тұрғындар халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, қажет анықтамаларын үйде отырып алу мүмкіндігіне ие болды. Мекеменің 11 айда атқарған жұмысы өңірлік коммуникация алаңындағы басқосуда айтылды. Облыстық филиал директоры Ермек Бекжүнісов бастаған ұжым тілшілермен кездесіп, енгізілгелі отырған бастамаларды да баяндады. Олардың айтуынша жақын күндері Талдықорғанда азаматтарға арналған цифрлы ХҚКО ашылмақ.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз