Қуанса бала қуансын! Талдықорғандағы «Мүшелтой» балалар мен жасөспірімдер аула клубы облыстық балалар ауруханасында мерекелік шара ұйымдастырды. Аяз ата, Ақшақармен түрлі жан-жануардың бейнесінде келген меймандар мейрам қарсаңында балаларға ерекше тосын-сый жасады. Бүлдіршіндер де күнделікті мультфильмдерден көретін сүйікті кейіпкерлерімен кездесіп, шаттықа бөленді. Осылайша, бала атаулының бәрі асыға күтетін мейрамның көркі де қызды. Ал ұйымдастырушылар ем алушы жеткіншектерге түрлі сый-сияпаттарын үлестіріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға тырысты. Өз кезегінде балалар би билеп, әуелей ән шырқады. Жүздеріне шаттық үйіріліп, бір сәт ауырғандарын ұмытты. Айта кетейік, «Мүшелтой» аула клубы қызметкерлері ауруханаға жиі келуді әдетке айналдырған. Балаларға қуаныш сыйлау арқылы өзіміз де бақытқа кенелеміз дейді олар.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз