Жетісуымыз үшін биыл жетістікті жыл болды. Санаңыз. Алдымен Елбасы тапсырмасына сай Ақсу қант зауыты іске қосылды. Екінші — Елорда төрінде Астананың 20 жылдығына Жетісу саябағы салынды. Шетелден инвестиция тартып, алып кәсіпорын — Маривен Фуд ашылды. Талдықорғанның өзінде 1200 орындық мектеп, драма театр мен музыка мектебі қолданысқа берілді. Облыс орталығы — барлық аталым бойынша елдегі ең үздік қала атанды. . Ал бар істің басы-қасындағы облыс әкімі «Жыл адамы» мен «Еліміздің ең белсенді әкімі» деп танылды. Тәубе делік, толағай табыспен міне жылды аяқтап қалдық. Десек те кейбір салаларда тезге салып түзеп, пысықтайтын кемшін тұстар бар.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз