Индонезияда цунами апатынан қаза тапқандар саны артты. Ал, Италияда жер асты дүмпі салдарынан жанартау атқылады.Индонезияда алапат цунамиден қаза тапқандар саны 420 адамға жетті. Бұған дейін 280 адамның өмірі қиылғаны хабарланған болатын. Оқиға орнында әлі де құтқарушылар тобы үздіксіз жұмыс жасап жатыр. Олар 12 мың адамды қауіпсіз орынға көшірді. Жергілікті билік, апаттың тағы қайталанатынын ескертіп, туристерді жағалауға жақындамауға шақырып жатыр. Италияның Катания аймағында орналасқан Этна жанартауы атқылады. Мамандар оған апат аймағында болған 150-ден астам жер асты дүмпуі себеп болғанын айтады. Соның салдарынан Этнаның оңтүстік бөлігінде жаңа сызат пайда болған екен. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау кесірінен елдегі әуе рейстерінің жұмысы уақытша тоқтатылған. Айта кетейік, соңғы рет жанартау 1993 жылы оянған еді.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз