Биыл еліміз етті экспортқа шығару жоспарын жиырма бес пайызға артық орындады. Сөйтіп, мал өсірушілер экспорт бойынша рекорд жасады. Жыл көлемінде 18,8 мың тонна ет алыс және жақын шет елдерге жөнелтілген. Бұл туралы Астанада өткен брифингте айтылды. 2017 жылы экспортқа шыққан еттің көлемі толық алты пайызға да жетпеді. Ал биыл бірден үш есеге көбейген. Келесі жылы бізден ет алатын елдердің санын да, еттің мөлшерін де көбейтеміз,- дейді ауылшаруашылық мамандары.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз