Жыл басынан бастап жәрдемақы мен зейнетақы мөлшеріне енгізілген өзгерістер өз күшіне енді. Мәселен, азаматтарға жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемі 7 пайызға артты. Ал І топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақысы 2700 теңгеге көбейсе, оларға күтім жасап отырғандарға төленетін төлем 1484 теңгеге өсті. Сонымен қатар, бала туғанда берілетін бір реттік төлем 4,5 мыңға артса, әкесі немесе анасынан айырылған толық емес отбасылар бір бала үшін ендігіде 1200 теңгеге көп көмек алмақ. Және де бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі де артып отыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз