«Адалдық алаңы» жобасы аясында Балқаш ауданында да екі бірдей дүкен ашылды. Онда сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсетеді. Сатушысыз және арнайы кассалық аппаратсыз жұмыс жасайтын дүкен аудандағы кәсіпкерлік бөлімі ғимаратында орналасқан. Мұнда келушілерге қажетті құрал -саймандар сатылымға қойылған. Керекті тауарды тұтынушы таңдап алып, ақшасын арнайы жәшікке салып кетеді. Жастарды адалдыққа тәрбиелейтін сенім бұрышында арнайы камера мен күзетші де жоқ. Дүкенге қойылған тауарды сатып алу немесе тегін алып кетуді әркімнің ар-ожданы біледі, — дейді ұйымдастырушылар. Сонымен қатар дәл осындай дүкен білім бөлімі мемлекеттік мекемесінде де жұмыс жасап жатыр. Мұндағы тауарлар нарықтағы бағадан қымбат емес.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз