Қаңтар айының алғашқы онкүндігінде ауа температурасы +3 градусқа дейін көтерілмек. Күннің бұлай күрт жылуына оңтүстіктен келген антициклон себеп, — дейді синоптиктер. Мұндай құбылыс, әсіресе өңіріміздің оңтүстік аймақтарында байқалмақ. Алайда, бұл ауа температурасы ұзаққа созылмайды. Кей жерлерде жауын-шашын болып, тұман түседі. Тіпті, көк тайғақ болуы мүмкін. Жалпы, синоптиктер қаңтар айының 17-21 аралығында қыс өз күшіне мініп, күн райы қайта бұзылатынын ескертеді. Яғни, жауын-шашын соңы қалың қарға ұласуы мүмкін. Ауа температурасы күндіз -15, 20 градус болса, түнде -20, 25 кей жерлерде 30 градусқа дейін төмендемек. Ал, айдың соңында күн қайта жылынуы мүмкін.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз