Облыста 2018 жылы 3000-нан аса тұрғын бизнестің қыр-сырын меңгерді. Оның 800-ге жуығы қаржылай көмек алса, 500-ден астамына қайтарымсыз несие берілген. Ол «Бастау бизнес» жобасы аясында жүзеге асып отыр. Өңірлік кәсіпкерлік палатасы биыл бизнеспен айналысам дегендер қатарын едәуір арттыруды көздейді. Қазір арнайы курстан өтуге ниет білдіргендердің тізімін әзірлеп жатыр. Жалпы, мамандар мемлекеттік бағдарламаларды көбіне ауылдағы азаматтар тиімді пайдаланатынын айтады.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз