«Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Қарекет» бағдарламасының жаңа жылдағы алғашқы санын көрген боларсыздар. Яғни, 25 жыл отбасынан, елінен жырақта, Украинада өмір сүрген жігіттің анасымен, бауырларымен қауышқан сәті талай жүректі елжіретті. Талай көзге еркісіз жас ұялатты. Айтпағымыз, көрермен ерекше сүйіп көретін осы бағдарламаның жүргізушісі Бейсен Құранбек 2018 жылдың үздік журналисі атанды. Мұны «Қазақ үні» газеті мен «Қазақ үні, кз» ұлттық порталы сауалнама арқылы анықтады. Бұл жетістікке бәрінен бұрын қуанған танымал журналистің өзі басқаратын «Жетісу» арнасының ұжымы.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз